Қоғам • 15 Мамыр, 2023

Халық көп қоныс аударатын өңірлер аталды

361 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2023 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында елге көшіп келгендер саны 7 680, ал елден кеткендер саны 2 664 адамды құрады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Халық көп қоныс аударатын өңірлер аталды

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, елге көшіп келушілер саны 10,9% -ға өскен.

Өңіраралық көші-қон бойынша еліміздің 4 өңірінде халық көші-қонының оң сальдосы қалыптасты. Атап айтқанда:

  • Алматы - 6 782 адам,
  • Астана - 6 443 адам,
  • Шымкент - 241 адам
  • Алматы облысында - 223 адам.          

Сыртқы көші-қон сальдосы – 5 016 адам.

2022 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда Қазақстанға келгендер саны 87%-ға өскен, ал кетушілер саны 49,6%-ға азайды.

Елдің негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттері арасында жүрген. ТМД елдерінен келгендердің үлесі - 90%, ал сонда кеткендердің үлесі – 69,5%.