Бизнес • 15 Мамыр, 2023

Бизнеске – мүмкіндік

271 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Астанада Индустрия және инфрақұрылымдық даму ми­нис­тр­лігі және Қазақстан машина жасаушылар одағының ұйым­дастыруымен ONDEU EXPO өңдеу өнеркәсібінің халық­аралық көрмесі ашылды. Көрмеге Аустрия, Германия, Израиль, Италия, Канада, Қытай, Түркия, Франция және Швей­царияны қоса алғанда әлемнің 17 елінен 250-ден аса делегат қатысты.

Бизнеске – мүмкіндік

Индустрия және инфрақұ­ры­лым­дық даму министрі Марат Қарабаевтың айтуынша, іс-ша­ра­ны ұйымдастырудағы негізгі мақ­сат – еліміздегі индус­трия­лық-инно­ва­циялық кешен­нің тұрақты дамуына ықпал ету. Ресми ашылу салтанатынан кейін ведомст­во басшысы мен «Қазақстан ма­­шина жасаушылар одағы» ЗТБ басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев көрмеге қойылған экспозицияларды аралап шық­ты.

«Көрменің маңыздылығы жылдан-жылға артып ке­ле­ді. Мұн­дай форматтағы іс-шара­лар бизнес үшін үлкен мүм­кін­діктерге жол ашады. Атап айтқанда, инвестициялар мен жаңа технологияларды тар­ту, жаңа серіктестер табуда үлкен үлес қос­пақ», деп атап өтті М.Пішембаев.

ONDEU EXPO 6 маңызды бейінді халықаралық көрмелерді біріктіретінін айта кеткен орынды. Атап айтқанда, Kazakhstan Machinery Fair, Su Arnasy – Water Expo, AgroSpecMash, Сhem Tech Kazakhstan, Stroy Expo Astana және Infra Tech Kazakhstan.

Индустрия және инфра­құ­ры­лымдық даму вице-министрі Динара Щеглова ONDEU EXPO өңдеу өнеркәсібінің ха­лық­аралық көрмесі аясында ұйым­дас­ты­рылған «Өнеркәсіпті цифр­лы трансформациялау» панель­дік сессиясына қатысып, Индус­трия 4.0 технологиясын енгізудің маңыздылығына тоқталды. Вице-министр айтқандай, қазір елі­міз­де цифрлы технологияларға ба­сымдық берген ірі және орта өнер­кәсіп кәсіпорындарының үлесі 12,9%-ға жетіп отыр. Бұл ретте жылдық өсім орта есеппен 3,5% межесінде байқалып отыр­ға­нын айта кетейік.

«Индустрия 4.0 – өнеркәсіп кәсіпорындарын ақпараттық техно­логиялардың негізінде дамы­туға бағытталған тың қадам. Бұл өндірістік үдерістердің тиім­­ділігін айтарлықтай арт­ты­ру­ға жол ашады. Осы ауқымды жиын­ның саладағы өзек­ті мәсе­ле­лерді шешуде маңыз­ды­лығы жоғары. Мәселен, қазір отандық өнеркәсіптің Ұлттық ақпараттық жүйесін құру жөніндегі жұмыс қолға алынғанын айта кеткен орынды. Оның нәтижесінде бар­лық мүдделі тарап, атап айт­қанда, мемлекет, IT-компа­ния­лар, даму институттары мен өнеркәсіп кәсіп­орындары ортақ цифрлы экожүйеде бірігіп, үйлесімді жұмыс атқаратын болады», деді ведомство өкілі.