Отбасы • 16 Мамыр, 2023

Құндылықтар дәріптелді

346 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Халықаралық отбасы күніне және Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай «Махаббат эстафетасы» атты жас отбасылар байқауы өтті. Облыстық жастар ресурс­тық орталығының ұйымдастыруымен өткен сайысқа өңірдегі 17 аудан, қалаларынан іріктелген үздік жас отбасылар қатысты.

Құндылықтар дәріптелді

Жас отбасылар «Серіктес», «Кім жүйрік?», «Баскетбол», «Боу­линг» деп аталатын төрт ке­зең­нен тұратын бәсекеде бақ сынады. Игі іс-шараның ашылуында сөз алған облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев байқаудың от­басылық құндылықтарды ны­ғай­­тудағы маңыздылығына тоқ­талып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

«Мемлекет тұрақты дамуы үшін әр отбасында татулық, бір­лік, береке болуы керек. Бұл ретте демографиялық өсімі жоғары Түркістан облысы үшін отбасы құндылықтарын дәріптеудің маңызы зор. Өйткені алтын құр­сақты, көпбалалы аналардың ба­сым бөлігі біздің облыста тұрады. Өңіріміз – жастар саны бойынша да алдыңғы қатарда. Қазіргі таңда облыста 4 мыңнан аса отбасы бар және жыл сайын мыңдаған жас шаңырақ көтереді. Бүгін, міне, отбасындағы сыйлас­тық, еңбекқорлық, адамгершілік қасиеттерімен дараланған отбасылар сынға түсіп, өздерінің ұйымшылдығын көрсетіп жатыр», деді Бейсен Дәулетұлы.

Сайыс нәтижесінде отбасын­дағы жарасымдылығымен ерек­шеленіп, ұрпақтар сабақтас­ты­­ғының қайталанбас үлгісін көрсеткендер жүлделі орындармен марапатталды.

Сондай-ақ Созақ ауданы Шолаққорған ауылындағы орта­лық стадионда мереке қар­саңында аудан әкімдігі мен «Бақ нұры» іскер әйелдер қоғамдық бір­лестігінің ұйымдастыруымен алғаш рет қыз-келіншектер ара­сында жүгіру марафоны ұйымдастырылды. Саламатты өмір салтын ұстану мен бұқара­лық спортты одан әрі дамытуға арналған іс-шараға аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков қатысып, бү­гінде өз ісін дөңгелетіп отырған іскер әйелдер мен отбасылық құндылықтарды сақтауда көп­шілікке үлгі болып отырған көпбалалы аналар және қыз-келін­шектерден құралған «Бақ нұры» іскер әйелдер қоғамдық бір­лес­тігінің алдағы жұмыс­тарына сәт­тілік тілеп, іс-шараның ма­ңызын атап өтті.

Мерекеге орай ұйымдас­ты­рылған марафонға ауданда түрлі салада қызмет етіп жүрген 150-ге жуық қыз-келіншек қатысты.

 

Түркістан облысы