Экология • 16 Мамыр, 2023

Орман көшет егуден басталады

151 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қостанайда «Экология және өрт дағдарысынан кейінгі тұрақты даму» атты дөңгелек үстел отырысы өтті. Экологиялық мәдениетті арттыру және өңірде қолайлы экожағдай қалыптастыру жөніндегі кешенді іс-шаралар жобасы аясында өткен іс-шарада Әулиекөл ауданындағы Аманқарағай орманын қалпына келтіру мәселелері талқыланды.

Орман көшет егуден басталады

Жиынға Қазақстанның Эко­логия­лық қорының мамандары, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, Аза­мат­тық бастамаларды қолдау орта­лығының өкілдері, Әулиекөл ауданының әкімі, депутаттар, экологиялық ұйымдар мен жалпы білім беретін мекемелердің өкілдері қатысты.

явап

Отырысқа қатысушылар қор­шаған ортаның балалардың ден­саулығына әсері, оларды шешу жол­дары туралы мәселелерді де қозғады. Ал Қазақстан эколо­гия­лық қорының президенті Айгүл Абдуалиева экологиялық білімді ілгерілетудің маңызын атап өтіп, қордың алдағы жұмыс жоспарымен таныстырды.

«Қордың маңызды міндет­те­рі­нің бірі – ормандарды сақ­тау, соның ішінде былтыр то­сын апаттан зардап шеккен Аманқарағай орманын қал­пына келтіру, қалалық жасыл аймақтарды абаттандыру, жастарға экологиялық білім беру, еліміздің жасыл қорын қалпына келтіру жобаларына бизнес ресурстарын тар­ту. Мәселен, біз 2-3 ма­мыр­да Қостанай облысында қа­ра­ағаш, шие, ырғай, алма, қарағай секілді 500-ден аса ағаш кө­шетін отырғыздық. Бұлар – біз­дің кли­маттық жағдайымызға жақ­­сы бейімделетін, еркін тамыр ­жаятын ағаштар», дейді жоба үйлес­­тірушісі Қ.Жазбаева.

Әулиекөл ауданы әкімдігінің өкілдері жиынға қатысушыларға жергілікті жерде жүріп жатқан абаттандыру жұмыстарының жайымен таныстырды. Жалпы, өрттен зардап шеккен орманды қайта қалпына келтіру үшін шамамен ондаған жыл керек. Алдымен өртенген ағаштар ке­сіліп, орман алқабы толықтай тазартылады. Жалпы, қызыл жалын жойған орман алқабының 75 па­йызына қарағай, 25% пайызына қайың отырғызу жос­парланып отыр.

Аудан әкімінің айтуынша, ­орман шаруашылықтарында қа­йың көшеттерінің қоры жет­кілікті, ал қарағай көшеттері көр­шілес Ақмола облысынан әкелініп жатыр. Биыл тазар­тылған орман алқаптарына 1 млн түптен аса екі жылдық қайың кө­шеттері отырғызылады.

 

Қостанай облысы