Қоғам • 17 Мамыр, 2023

Алматы облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

441 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент әкімшілігінің келісімімен және облыс әкімінің үкімімен Алмас Сұлтанұлы Батанов Алматы облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Алмас Сұлтанұлы 1977 жылы туған, білімі жоғары.

2000 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін «агроөнеркәсіп кешеніндегі ақпараттау жүйесі» мамандығы бойынша, 2004 жылы Алматы технологиялар және бизнес университетін «стандарттау және сертификаттау» мамандығы бойынша, 2010 жылы Ұлыбританияда Ноттингем Университетін «ақпараттық технологиялар менеджменті» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2000 жылы «Метрология» РМК Алматы филиалының жетекші маманы болып бастаған.

Әр жылдары «Қазақстан метрология институты» РМК Оңтүстік Қазақстан филиалының жетекші маманы, «ҚазИнМетр» РМК Оңтүстік Қазақстан филиалының бас маманы, бөлім, басқарма бастығы, «ҚазИнМетр» РМК орталығының басшысы, «Экономикалық зерттеу институты» АҚ бас менеджері - бас сарапшысы, ҚР Президенті Әкімшілігінің сарапшысы, консультанты, референті, ҚР Өңірлік даму министрлігінің департамент директоры, Премьер-министр бірінші орынбасарының кеңесшісі, Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасары, Премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары, Инвестициялар және даму министрлігінің комитет төрағасы, Президент Әкімшілігінің басшысы хатшылығының меңгерушісі, Павлодар облысы әкімінің орынбасары, Алматы қаласы стратегия және бюджет басқармасының басшысы, Алматы қаласы қаржы басқармасының басшысы лауазымдарын атқарған.

2022 жылдың тамыз айынан Алматы облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы лауазымын атқарды.