Қоғам • 17 Мамыр, 2023

Бокстан әлем чемпионы Махмұд Сабырханға пәтер тарту етілді

445 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ташкентте өткен бокстан әлем чемпионатында жеңіпмаз атанған Махмұд Сабырханға 2 бөлмелі пәтер сыйға берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов бокстан әлем чемпионатының жеңімпазы Махмұд Сабырхан мен оның жеке жаттықтырушысы Илияс Оралбековты құттықтады.

Еске сала кетсек, Ташкентте өткен чемпионатта Ұлттық құрама спортшылары 4 алтын, 1 күміс медаль еншіледі. 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен шымкенттік боксшы М.Сабырхан құрама қоржынына екінші «алтынды» салды. Куба, Гана, Үндістан мен Мажарстан спортшыларын айқын басымдылықпен жеңсе, ақтық бәсекеде өзбекстандық Айбек Джураевты екі мәрте нокдаунға жіберген еді.

 

Мұрат Әйтенов спортшы мен оның жеке жаттықтырушысын құттықтап, алдағы Азия және Олимпиада ойындарында сәттілік тіледі. Кездесу барысында Махмұд Сабырханға 2 бөлмелі пәтердің кілті, ал оның бапкеріне 5 млн теңгенің сертификаты табысталды.

 

Соңғы жаңалықтар

«Сары тентек» сарыны

Әдебиет • Кеше

Ұлытау ұлары

Тұлға • Кеше

Тағдыр тәпсірлері

Әдебиет • Кеше

«Хат қоржын»

Егемен Қазақстан • Кеше

Абай тапсырған асатаяқ

Жәдігер • Кеше