Мәдениет • 19 Мамыр, 2023

Асхат Оралов кітапхананың үздік қызметкерлері мен ардагерлерін марапаттады

453 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Асхат Оралов Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасында өткен «Мәдениет: Кітап. Білім. Тіл» атты open air фестивалінің ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Асхат Оралов кітапхананың үздік қызметкерлері мен ардагерлерін марапаттады

Ашылу салтанаты Қазақстанның әр өңіріндегі 96 кітапханадан келген қызметкерлерді құттықтаудан басталды. Асхат Оралов іс-шара қонақтарын Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен құттықтап, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісін иеленген кітапханашылар мен сала ардагерлерін марапаттады. Сондай-ақ бірқатар кітапханаға алғыс хат табыстады.  

Ашық аспан астында қазақстандық баспалардың кітаптарын сатып алуға болатын дүкен, фотоаймақ, балалар павильоны мен тіл, мәдениет, әдебиет және кітапхана ісін дамыту мәселелерін талқылауға арналған сахна орнатылды. Журналистер, редакторлар және кинорежиссерлердің қатысуымен кітап көрмесі, нетворкинг және шеберлік сабақтары өтті.   Ұйымдастырушылар мен қонақтар зияткерлік іс-шараны Астана мен еліміздің басқа да өңірлерінен зиялы қауым өкілдерін, оқытушылар мен мәдениет қызметкерлерін жинаған шағын мерекеге айналдырды. Сондай-ақ фестивалге шетелдік қонақтар - Халықаралық Түркі академиясының президенті Шахин Мұстафаев, Франция, Иран және басқа да мемлекеттер елшіліктерінің өкілдері қатысты.  

«Жас ұрпақты тәрбиелеуде және қалыптастыруда осы салада жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбегі маңызды рөл атқарады. Олардың қатысуынсыз бұл жұмысты елестету мүмкін емес. Қазіргі уақытта Қазақстанда 11 мыңға жуық кітапханашы жұмыс істейді. Қазір кітапхана қызметкерлерінің мәртебесін көтеру және олардың еңбекақысын арттыру бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз», деді Асхат Оралов.  

Ашылу салтанатынан кейін министр фестивалге келген кітапханашылармен сөйлесіп, Ұлттық академиялық кітапхана ғимаратындағы шағын сурет көрмесін аралады. Асхат Оралов іс-шараның ерекше форматына қарамастан, бәрі жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар

Оқырманға жол тартты

Басылым • Бүгін, 00:25

Ғасырлар үні

Руханият • Бүгін, 00:13

Керек дерек

Технология • Кеше