Экология • 20 Мамыр, 2023

Шығыс Қазақстан облысында 8 миллион ағаш отырғызылады

362 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл Шығыс Қазақстан облысында 8 млн ағаш отырғызылады. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шығыс Қазақстан облысында 8 миллион ағаш отырғызылады

ШҚО ақпарат орталығында баспасөз мәслихатын өткізген Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова өңір табиғатын қорғау мақсатында атқарылып жатқан шаралар туралы айтып берді.

Оның айтуынша, Қазақстанда 5 жыл ішінде 16 апатты су қоймасында реконструкция жұмыстары жүргізіледі. Оның ішінде Шығыс Қазақстан облысында 2 су қоймасы (Зайсан және Тарбағатай аудандарында) қалыпқа келтірілмек.

«Орман шаруашылығы саласына қатысты айтар болсақ, өңір бойынша 2 млрд ағаш отырғызылады. Соңғы екі жылда 1300 гектар аумаққа 6,1 млн ағаш егілген. Ал осы жылдың соңына дейін облыста 1500 гектар жерге 8 млн ағаш отырғызылады деп жоспарланып отыр», деді Зүлфия Сүлейменова.