Қоғам • 21 Мамыр, 2023

АҚШ-та қазақстандық велошабандоздың денесін елге жеткізу үшін қаражат жиналып жатыр

371 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-та 24 жасында Лос-Анджелесте кенеттен қайтыс болған қазақстандық велошабандоз Дінмұхамед Ұлысбаевтың денесін елге әкелу үшін ақша жиналып жатыр,  деп хабарлайды Egemen.kz.

АҚШ-та қазақстандық велошабандоздың денесін елге жеткізу үшін қаражат жиналып жатыр

«Дінмұхамедті Қазақстанға жеткізіп, жерлеу үшін 15 мың доллар қажет»,  делінген gofund.me сайтындағы жазбада.

Айта кетейік, 17 мамырда Қазақстанның велоспорт федерациясы Ұлысбаевтың қайтыс болғанын хабарлаған еді. Ведомство мәліметінше, спортшының жүрегі тоқтап қалған.

Естеріңізге сала кетейік спортшы өмірінің соңғы күндерін жұмысқа шақырту алғандықтан шетелде өткізген, америкалық велокомандалардың бірінде бақ сынамақ болған. 

Дінмұхаммед Ұлысбаев мансабында велоспорттан 2016 жылғы Азия чемпионатында жеңіске жетіп, Әлем кубогі кезеңдерінің жеңімпазы атанды, сондай-ақ Қазақстан чемпионатында бірнеше рет жүлдеге ие болған.