Қоғам • 22 Мамыр, 2023

Қазақстанда көлік ақауларын тексеретін сервис онлайн жұмыс істей бастады

506 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ішкі істер министрлігі «Автокөлік тарихы» мен «Бірыңғай сақтандыру деректер базасы» сервисін біріктіруді жоспарлап отыр. Бұл көлікті сатып алмастан бұрын жол-көлік апатына түскен-түспегенін қосымша тексеруге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда көлік ақауларын тексеретін сервис онлайн жұмыс істей бастады

Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ведомство «Автокөлік тарихы» сервисін жетілдіруді жоспарлап отыр. Оны «Бірыңғай сақтандыру деректер базасымен» біріктіру көліктің жол апатына ұшыраған-ұшырамағанын қосымша тексеруге мүмкіндік бермек.

Бұл сервис іске қосылған сәттен бастап қазақстандықтар екі миллионнан астам көлік құралын тексерді. Сервис Қазақстанда автокөлік тарихын онлайн-режимде көруге мүкіндік береді.

«Автокөлік тарихы» қызметі азаматтарға автокөлік сатып алғанда автокөліктің Қазақстанда алғаш тіркелген күнін, бұрынғы иелерінің санын, кепілдіктер мен ауыртпалықтардың бар-жоғын көруге мүмкіндік береді.