Қоғам • 22 Мамыр, 2023

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының әкімі тағайындалды

500 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Әкімшілігінің және Мұғалжар аудандық мәслихатының келісімімен Дархан Ермағанбетов Мұғалжар ауданының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының әкімі тағайындалды

Дархан Жанысханұлы 1986 жылы Хромтау ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2008 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, 2012 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін, 2017 жылы Нархоз университетін бітірген.

2008 – 2014 жылдары Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасынан бастап, түрлі облыстық басқармаларда қызмет атқарған.

2014 – 2020 жылдары аралығында Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары және басшысы лауазымдарында еңбек етті.

2020 жылдың наурыз айынан Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының әкімі қызметін атқарып келді.