Елорда • 22 Мамыр, 2023

Астанада бос жұмыс орындарына арналған жәрмеңке өтеді

322 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорданың «Жастар» сарайында 24 мамыр күні жастарға арналған бос жұмыс орындарына арналған жәрмеңке ұйымдастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астанада бос жұмыс орындарына арналған жәрмеңке өтеді

24 мамыр күні таңғы сағат 10:00-де «Жастар сарайы» ғимаратында (Астана қаласы, Республика даңғылы, 34) жастарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді. Іс-шарада келушілерге жастар үшін микрокредиттер, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары туралы, оның ішінде «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша ақпарат беріледі.