Энергетика • 23 Мамыр, 2023

Үкімет Көкшетаудағы қазандықтарды жөндеуге 2 млрд теңгеге жуық қаржы бөлді

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет өңірлік жылу электр орталықтары мен басқа да жылу көздерін алдағы қысқа дайындау шеңберінде Көкшетау қаласындағы қазандықтарда жөндеу жұмыстарына өз резервінен 1,9 млрд теңгеден астам қаражат бөлді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үкімет Көкшетаудағы қазандықтарды жөндеуге 2 млрд теңгеге жуық қаржы бөлді

Қала тұрғындарын екі қазандық – 1-АҚ (1977 ж.) және 2-АҚ (1998 ж.) жылумен қамтамасыз етеді. Біріншісінде жалпы қуаты 294 Гкал/сағ болатын 3 газ-мазутты қазандығы, екіншісінде – қуаттылығы 280 Гкал/сағ болатын 3 ұнтақ көмір қазандығы орнатылған. Бүгінде жылу көздеріндегі жабдықтар әбден тозған. 

Қысқа дайындық қарсаңында түтін мұржаларын, қазандық қондырғыларын, газ құбырларын, ауа жылытқыштарын жөндеу және басқа да жұмыстар жоспарланып отыр. Нәтижесінде 2023-2024 жылдардағы және одан кейінгі жылыту маусымы іркіліссіз өтуі қажет.

Үкімет баспасөзінің хабарлауынша, Көкшетаудың энергияға деген өсіп келе жатқан қажеттілігін қамтамасыз ету үшін толыққанды жылу электр орталығының құрылысы пысықталып жатыр.