«La Ciudad de los niños» (Балалар қалашығы) үйінде ата-анасыз қалған және тамақ пен оқуға қаражаты жоқ мектеп жасындағы жасөспірімдер тұрады. Фан-клубтар өздерінің ресми әлеуметтік желілері арқылы осы балалар үйі туралы ақпарат таратып, мамыр айында қайырымдылық көмек көрсеткен.
Фан-клубтардың әкімшілерінің айтуынша, бұл қайырымдылық акциясына Димаштың үлгі көрсетуі мен оның балаларға деген шексіз сүйіспеншілігі шабыттандырған. Бұдан соң, Перудегі Димаштың фан-клубтары (Dimash Qudaibergen Peru World және Dimash Kudaibergen Peru Dears) балаларға көмек жобасын жүзеге асыру үшін бірігіп жұмыс істеген.