Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Ұлттық зияткерлік меншік институтының тапсырысы бойынша Роза мен оның жетекшісі Ғабиден Төлебайұлына цифрлық куәлік берілген.
Аталмыш кесте «Роза – өлшем бірліктері кестесі» деген ресми атауға ие болды.
И.В.Панфилов атындағы №5 мектеп-лицейі оқушысының бұл жаңалығы республикалық «Зерде» ғылыми жобалар байқауының республикалық кезеңінде үздік деп танылып, ғалымдардың оң бағасын алды. Нәтижесінде Роза Гран-при иегері атанды.
«Мұндағы басты жаңалық - есептерді шығаруда математикалық өлшем бірліктерімен жұмыс істеуге арналған әдістемелік кестені пайдалану. Қазірдің өзінде математиканы оқыту әдістемесін жетілдіретін бұл жаңа кесте білім беру ұйымдарындағы оқу үрдісінде кеңінен қолданылып жүр», деді Розаның жетекшісі Ғабиден Төлебайұлы
Бір айта кетерлігі, оқушы қыздың бұл жұмысы білім сайысында 600-ге жуық қатысушының арасынан үздік атанып, тағы бір жаңа формула ретінде математика пәнін оқытуға енгізілген.
Аружан НАҒАШБАЙ,
Л.Н.Гумилев атынадағы ЕҰУ студенті