«Расында да, біз 2020 жылы Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын қабылдадық. Негізінен бұл не істелгенін және не болатынын бағамдау болды, мақсаттар мен міндеттерді өзектендірудің бір түрі десек болады. Әрине, ЕАЭО-ның орасан зор географиялық ауқымын назарға ала отырып, инфрақұрылымдық байланысты дамыту аса маңызды басымдықтардың бірі болды және бола береді де», деді Президент.
Оның айтуынша, мұнда бірден екі деңгейде: одақішілік – көлік және коммуникация саласындағы қатысушы елдердің интеграция желісі бойынша және халықаралық – көлік және логистика саласындағы үшінші елдермен ынтымақтастықты дамыту және халықаралық күн тәртібін іске асыру шеңберінде жұмыс жүргізіледі.