Инфографиканы жасаған Амангелді Қияс, «EQ»
Биыл наурыз айымен салыстырғанда, сәуір айындағы сыртқы нарықтық жағдайындағы құбылу көрсеткіші төмен болған.
Дамыған және дамушы елдердің валюталары бір ай ішінде өзгеріп, сәуір айының қорытындысына сәйкес, DXY индексі 0,8%-ға, дамушы нарықтағы валюталардың индексі 0,4%-ға төмендеген.
Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова: «Наурыз айында «қара алтын» әртүрлі бағытта саудаланып, 1 баррель мұнай құны 85-87 доллар аралығында болды. ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің мамыр айынан бастап, жыл соңына дейін мұнай өндіруді қысқартуға қатысты шешімі мұнай бағасына кәдімгідей қолдау көрсетіп, тәулігіне шамамен 1,65 млн баррельді құрады. Ұлттық қордан сатулар күніне 600 млн доллар болса да, 30 млн доллардан аспады. Бұл біздің болжамды бағалауымызға сәйкес келеді. Мамыр айында сатылым 750-800 млн доллар аралығында болады деп күтілуде. Мамыр айында зейнетақы активтері үшін сатып алуды – 200-250 млн доллар деңгейінде жалғастырамыз», дейді.
J.P.Morgan клиенттері арасында жүргізілген сауалнамаға сәйкес, сыртқы жағдайлардың аралас белгілеріне қарамастан, жаһандық инвесторлардың теңгедегі позициясы сәуір айында 2021 жылғы қыркүйектен бастап, ең жоғары деңгейге дейін ұлғайыпты. Алдын ала есептеулерге қарағанда, сәуір айында АВР көлемі бір айда 1,4 млрд долларға артып, 37,6 млрд долларға жеткен. Осы өсімдер Қаржы министрлігінің Ұлттық банктегі валюталық шотына «транзиттік» түсіммен байланысты екенін және ол кейіннен Ұлттық қорға қайта бағытталғанын, ал резервтердің төмендеуіне әсер еткен факторлардың арасында мемлекеттік қарыздың төленгенін атап өту керек. Алтынның бағасына келсек, бір унция үшін 1 979 доллардан 1 983 долларға дейін өскен. Бір ай ішінде бағалы металдың бағасы бір унция үшін 2 036 долларға дейін көтерілген көрінеді. Алтын нарығындағы белгісіздік бұрынғысынша ФРЖ-ның кейінгі риторикасы бойынша және АҚШ-тың банк секторындағы жағдайға байланысты күтулерден туындап отырған жайт екендігін ескеруіміз керек. Берілген мәліметтерге қарағанда, Ұлттық қордағы валюталық активтердің көлемі наурыз айында 300 млн долларға өсіп, сәуір айының соңында 58,7 млрд долларды құраған. Тәуекел дәрежесінің бірқалыпты өсуі – акциялар мен облигацияларды, сонымен қатар алтынды оң қалпында қайта бағалауға әсер еткен. Сөйтіп, Ұлттық қордың инвестициялық кірісі сәуір айында 441 млн доллар болды.
Бұдан өзге, активтердің өсуіне Ұлттық қорға түскен валюталық түсімдер ықпал еткен. Олардың мөлшері сәуірде 457 млн долларды құрап, наурыз айында Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферт түрінде 393 млрд теңге аударылды. Осы мақсатта ішкі валюта нарығында 600 млн долларға шетел валютасы сатылған.
«Жаһандық рецессияның орын алу тәуекелі таяу арадағы белгісіздіктің негізгі факторы болып табылады. Әлемде экономикалық белсенділіктің кеңейгені туралы деректерге қарамастан, сәуір айының қорытындысы бойынша PMI Global 54,2 тармаққа дейін артты. Бұл өсімнің құрылымы нақты емес. Қызмет көрсету секторы негізгі қозғаушы күшке айналды. Ал өндіріс саласының секторы қысқару аймағында тұр», деп атап өтті төраға орынбасары.
Бұған қоса, сәуірде бірқатар халықаралық ұйымдар 2023 жылғы әлемдік экономиканың өсуіне қатысты болжамдар орташа пайыздық көрсеткіште, ХВҚ 2,9%-дан 2,8%-ға дейін, Дүниежүзілік банк 3%-дан 1,7%-ға дейін төмендеген.
Нарыққа қатысушылар АҚШ мемлекеттік қарызының жақын арада өз лимитіне жетуіне байланысты оның ең жоғары шегіне қатысты мәселеге алаңдап отырған көрінеді. АҚШ Қаржы министрлігінің мәлімдемесіне сәйкес, Үкімет 1 маусымға қарай төлемдерге қызмет көрсететін қаражаты ортаюы мүмкін. АҚШ Конгресінің осы мәселеге байланысты әрекеттерінің сәйкес келмеуі, қаржы нарығындағы құбылмалылықтың күшеюіне алып келуі ықтимал. Алайда көптеген талдаушылар негізгі сценарий ретінде жаһандық рецессияның орын алу ықтималдығын қарастырмайды және күтпеген жүйелі өзгерістер тәуекелі төмен болады деп санайды. Осыған байланысты дамушы нарықтардағы тәуекелді активтер мен валюталардың перспективасы оң күйінде қалып отыр. Өз кезегінде, сарапшылар мен шикізат нарығына қатысушылардың баға динамикасы бойынша одан әрі күтулері де әртүрлі. Бұған дейінгі мұнай бағасының күрт төмендеуіне қарамастан, Goldman Sachs Brent эталондық маркалы мұнай бағасының болжамын 2023 жылы желтоқсанға қарай 1 баррель үшін 95 доллар деңгейінде, 2024 жылдың сәуіріне қарай 1 баррель үшін 100 доллар деңгейінде болатындығын көрсетеді. Goldman Sachs ОПЕК+ өндірісінің қысқаруымен қатар дамушы нарықтардағы сұраныстың артуына байланысты мұнай нарығында ұсыныс тапшылығы өседі деп болжайды. АҚШ-тың Энергетика министрлігі 2023 жылғы Brent маркалы мұнай бағасының болжамын 1 баррель үшін 85,01 доллардан 78,65 долларға дейін төмендетті. Ведомство әлемдік экономиканың нашарлауы, банк секторындағы дағдарыстың ықтималдығы, сондай-ақ инфляцияның сақталуы қаупінен мұнай бағасының төмендеп бара жатқанын атап көрсетеді. Бұл ретте, АҚШ Энергетика министрлігі жақын болашақта бағаларға сұраныстың маусымдық өсуіне, сондай-ақ бірқатар ОПЕК+ елдерінің өндірісті ерікті түрде қысқарту аясында түзеледі деп болжайды. Осы орайдан келгенде АҚШ Энергетика министрлігі мұнай бағасының тұрақтануына Қытай мен Үндістандағы мұнайға деген тұтынушылықтың артуы әсер етуі мүмкін деген үміттері бар.
«Қазіргі уақытта әріптестермен бірге алға қойып отырған маңызды міндеттердің бірі еліміздің мемлекеттік бағалы қағаздарын J.P.Morgan – GBI-EM дамушы елдер индексіне кіруінде болып тұр. Ұзақ уақыт бойы біз осы бағытқа күш салып келеміз. Инфрақұрылымды жақсарту және жергілікті нарықтың өтімділігін арттыру бойынша жұмыс істейміз. Осылайша, 2021 жылы J.P.Morgan Қазақстанның МБҚ «радарға» қойды. Келесі кезең – мемлекеттік облигацияларды «Index Watch» тізіміне қосу. Біз енді соған ұмтыламыз. Біз GBI-EM индексіне кіру жергілікті МБҚ нарығын дамытуда маңызды қадам болады деп есептейміз. Бұл есептің негізгі мақсаты – шетелдік инвесторлармен қарым-қатынасты жақсарту және олардың ел нарығындағы ахуалдан хабардар етуіне мүмкіндік туғызатын болады», деп атап өтті банкир.