Қоғам • 25 Мамыр, 2023

Абай облысындағы өртті сөндіруге 10 тікұшақ жұмылдырылды

390 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының айтуынша, қазір республикалық және облыстық деңгейде жедел штабтар жұмыс істеп жатыр. Өрт орнында ТЖМ-ның атынан жетекшілік ететін вице-министр бар, деп хабарлайды Egemen.kz.

Абай облысындағы өртті сөндіруге 10 тікұшақ жұмылдырылды

Бастапқы кезеңде өртті жою үшін орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінен, 434 адамнан, 109 бірлік техника, 2 әуе кемесі және 1 өрт сөндіру поезынан тұратын азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің күштері мен құралдары топтамасы құрылды.

«Жедел жағдайдың нашарлауына байланысты, сіздің тапсырмаңыз бойынша Әлихан Асханұлы кеше Роман Васильевичтің төрағалығымен республикалық жедел штабтың отырысы өтті. Онда мемлекеттік органдарға тиісті міндеттер қойылды. Экология министрлігіне өрт сөндіру жетекшісі ретінде көмектесу үшін Төтенше жағдайлар және Қорғаныс министрліктерінің күштері мен құралдары қосымша жіберілді. Осылайша бүгінде өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар, Ішкі істер, Экология және табиғи ресурстар министрліктері, Қазақстан темір жолы, жергілікті атқарушы органдар және облыстың коммуналдық қызметтерінің күштері мен құралдары жұмылдырылды. 10 тікұшақ жұмылдырылды, оның ішінде 5-і – ТЖМ, 3-і – ҚМ, 2 бірлік ЭТРМ, Әлихан Асханұлы 4 әуе кемесі бүгін таңертең сіздің тапсырмаңыз бойынша өрт орнына келді», деді Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев.

10 тікұшақтың 8-і су ағызу, екеуі барлау және десанттарды жеткізу үшін қолданылады. «Жағдай бақылауда. Өртті оқшаулау және жою бойынша барлық шара қабылданып жатыр», деді ол.