Қаржы • 25 Мамыр, 2023

Доллар 2 теңгеге қымбаттады

142 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметтеріне сілтеме жасап.

Доллар 2 теңгеге қымбаттады

Күндізгі сауданың нәтижесіне сәйкес, доллардың орташа сараланған бағамы 1,98 теңгеге көтеріліп, 446,65 теңгені құрады. Айта кетейік, Ұлттық банктің 25 мамырдағы 1 долларға арналған ресми бағамы 444,44 теңгені құрайды.

Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орташа есеппен 443,36 теңгеден сатып алынып, 447,42 теңгеден сатылып жатыр. Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 444,40 теңге, сату – 447,11 теңге.