Саясат • 25 Мамыр, 2023

Мемлекет басшысы Үлкен Кремль сарайына барды

317 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын және кеңейтілген құрамдардағы отырыстарына қатысу үшін Үлкен Кремль сарайына барды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы Үлкен Кремль сарайына барды

р

Кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысына Қазақстан Президентімен қатар Ресей Федерациясының Президенті – ЖЕЭК төрағасы Владимир Путин, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, сондай-ақ Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев қатысады.

Сонымен қатар бейнебайланыс арқылы ЖЕЭК жанындағы бақылаушы мемлекеттерден Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Куба Президенті Мигель Марио Диас-Канель Бермудес және шақырылған қонақ ретінде Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон қатысады деп жоспарланып отыр.

о