Саясат • 25 Мамыр, 2023

Тоқаев ЕАЭО-ның мерейтойлық саммитінде баяндама жасауды ұсынды

292 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында еуразиялық интеграцияның алғашқы 10 жылдығы туралы баяндама әзірлеуді ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне  сілтеме жасап.

Тоқаев ЕАЭО-ның мерейтойлық саммитінде баяндама жасауды ұсынды

«Келесі жылы біздің бірлестікке 10 жыл толады. Біз ЕАЭО-ның мерейтойлық саммитіне жиналамыз. Бұл маңызды оқиға жүріп өткен жолымызды егжей-тегжейлі саралап, одақтың әрі қарайғы стратегиялық келешегін анықтауға жақсы себеп болуы керек деп санаймын», деді Мемлекет басшысы. 

Сонымен қатар Президент еуразиялық интеграцияның алғашқы 10 жылдық қорытындыларын құжатпен қаттауды ұсынды.

«Осыған байланысты комиссияға Жоғары кеңестің келесі отырысына еуразиялық интеграцияның бірінші кезеңі туралы баяндама дайындауды тапсыруды ұсынамын. Онда негізгі қорытындылар мен жетістіктер, сондай-ақ әрі қарайғы интеграциялық даму бағытындағы нақты ұсыныстар көрсетілуі керек», деді ол.