Оны «Google Play» және «App Store» арқылы жүктеп алуға болады. Жобада қала, ел тарихы туралы ақпаратты еркін түрде бекітудің екі әдісін енгізу қарастырылған.
«Жоба «Менің қаламның, елімнің тарихын зерттеуде ICT-технологияларды қолдану» деп аталады. Бұл – бұған дейін өзім дайындаған екі шағын қосымшаның біріктірілген нұсқасы. Біріншісі – қоғамдық көліктегі ескерту жүйесін жаңарту арқылы қала тарихын таныстыру. Аталған идея қоғамдық көліктердегі дыбысты хабарламалар арқылы тарихи ақпаратты қосуға арналған. Екіншісі – «Aialdama» мобильді қосымшасы. Мен әзірлеген мобильді қосымшаны пайдаланушы көшені кесіп өткен сәтте сол көшеге қатысты немесе сол аумақтағы нысандар туралы ақпарат береді. Жобаның мақсаты – оқушыларға ел тарихын күнделікті өмірде танып-білуге көмектесу. Тарихты білу маңызды», деді Тимур Қырбасов.
Жас өнертапқыштың бастамасымен құрылған «ENACTUS» командасы мектеп кәсіпкерлігінің II республикалық чемпионатының финалисі атанған. Гимназия базасында ашылған оқушылардың практикалық-теориялық орталығы жоғары сынып оқушыларына нақты кәсіпорында таңдалған мамандықты практикалық түрде тексеруге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар Тимур үш жобаның авторлық құқығын қорғады. Кейінгі үш жылда халықаралық және республикалық ғылыми жобалардың жүлдесін иеленді. «ICT Solutions Kazakhstan» байқауында жобаны іске асыруға 1 млн теңге ұтып алды. Сондай-ақ 2023 жылдың «Жыл оқушысы» атанды. Өткен жылдың 1 маусымында оның «Алматы БалаFest» қалалық фестивалінде Мемлекет басшысының нұсқаушысы болғанын да еске сала кетейік.
Қазір Тимур оқитын №15 гимназия білім беру бағдарламасының негізгі үш бағытына басымдық беріп отыр. Олар – оқушының ағылшын тілін жақсы меңгеруі, ғылыми-зерттеу жұмыстарына ынталандыру және көшбасшылық қасиеттерді шыңдау. Осы басымдықтардың нәтижесінде Тимур секілді жас жеткіншектер өз жобаларын сәтті қорғап жүр.
Мерей АУҒАЛИ,
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті