«Ел аумағын өрттен қорғауды ТЖМ-нің 422 өрт сөндіру депосы жүзеге асырады. Оның ішінде 130 өрт сөндіру депосы жаңғыртуды талап етеді. 317 елді мекен өрттен қорғаумен қамтамасыз етілді, қосымша 121 өрт сөндіру депосын салу қажет.
Халық саны 10 мың адамнан асатын 188 елді мекеннің тек 150-інде ғана мемлекеттік өртке қарсы қызмет бар. Ал тұрғын саны 5-тен 10 мың адамға дейінгі 195 ауылдық елді мекеннің 85-інде мемлекеттік өртке қарсы қызмет жоқ», делінген кешенді жоспарда.