
«13 жылға жуық қызметінен кейін президент Ш.Катсу өз қызметінен кету туралы шешім қабылдады. Университет қауымдастығы президент Катсуға Назарбаев Университетінің Қазақстандағы бірінші әлемдік деңгейдегі зерттеу университеті болуына көмектескен көрнекті көрегендігі мен тиімді көшбасшылығы үшін зор алғысын білдіреді», делінген хабарламада.