Технология • 29 Мамыр, 2023

«Ұялы телефонды лақтыру спорты» - Смартфон жайлы сіз білмейтін қызықтар

1065 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлем бойынша смартфон саны адам санынан көп екенін білесіз бе? Оқырман назарына осы ғажап техникаға қатысты қызықты деректер ұсынамыз.

«Ұялы телефонды лақтыру спорты» -  Смартфон жайлы сіз білмейтін қызықтар

Ұялы телефонмен алғаш рет қоңырау шалған адамның есімі - Мартин Купер. Ең қызығы ол өзінің бәсекелестеріне хабарласқан.

Ұялы телефондардың 75 пайызы Қытайда жасалады.

Әлемде минут сайын 3200 ұялы телефон өндіріледі.

Автокөлік жүргізген кезде телефон қолданатын адамдар мас күйінде көлік жүргізетін адамдарға қарағанда жиі апатқа ұшырайды.

Тағы бір қызықты факт - адамдар көбіне ұялы телефонды қоңырау шалуға емес, уақыт өткізу үшін қолданады.

Тарихтағы ең көп сатылған телефон – «кірпіш» аталып кеткен Nokia 1100.

Жапон жастары жуыну бөлмесіне кірерде де ұялы телефонын тастамайды. Осыған байланысты Жапонияда өндірілетін телефондардың 90 пайызы су өткізбейді.

Ұялы телефонды лақтыру - Финляндия, Бельгия және тағы кейбір елдерде кең таралған спорт түрі. 2014 жылы өткен кезекті әлем чемпионатында осы спорт түрінен әлем рекорды жаңартылған еді. Рекордтық көрсеткіш 110,42 метрді құрайды.

 

Саяжан ҚҰДАЙБЕРГЕН,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті