Экономика • 29 Мамыр, 2023

«РимҚазАгро» – «қарапайым заттар экономикасының» қатысушысы

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінде өндірісте шамамен 1,7 мың адам жұмыс істейді. Фабрикада шығарылатын өнім түрлері 730-дан асады, сондай-ақ Қазақстанның барлық өңірлерінде сатылады және Ресейге экспортталады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«РимҚазАгро» – «қарапайым заттар экономикасының» қатысушысы
  • Кәсіпорын 37,7 гектар аумақта халық тұтынатын өнім өндірумен айналысады. Былтыр жалпы сомасы 7,6 миллиард теңге болатын 3,8 мың тонна өнім өндірген.
  • Мемлекеттің қолдауымен 2018 жылы тұрақтандыру қорының өнімдері сақталатын көкөніс қоймасы бар көтерме-тарату орталығы салынды.
  • Қуаты жылына 5 мың тонна қағаз өнімдерін шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды. Инвестиция көлемі 2,5 миллиард теңгеден асты. Зауытта 80 адам жұмыс істейді.
  • Картон өндіретін зауыт салу жоспарланып отыр. Инвестиция көлемі - 7 миллиард теңге. 100 жаңа тұрақты жұмыс орны ашылады. Өндіріс қуаты жылына 10 мың тоннаны құрайды.