Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің командасы экология, қоршаған ортаны қорғау, тұрақты даму, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, климаттың өзгеруі тақырыптары бойынша білімі мен кәсіби даярлығын көрсете білді. Байқауға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Әзербайжан мемлекеттерінен, Өзбекстанның барлық өңірінен келген студенттер қатысты. Қатысушылар экологиялық қауіпсіздік пен тұрақты дамуды қамтамасыз етуге бағытталған өзекті мәселелерді талқылады.
Қарағанды ұлттық зерттеу университеті командасына ботаника кафедрасының аға оқытушысы, экология магистрі Роза Мусина жетекшілік етті. Команда құрамында Гюная Аллахвердиева, Мадина Әсетқызы, Әлишер Жексембаев, Айжан Сарсенова, Малика Ташкенбаева, Біржан Оспан болды.
Айта кетейік, «Эко-заковат» халықаралық байқауы жастардың экологиялық мәдениетін арттыруға, халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, тәжірибе алмасуға, қоршаған ортаны қорғау саласындағы бастамаларды қолдауға бағытталған. Студенттердің жетістігін Қазақстанның Самарқанд қаласындағы консулы Абзал Нұрашов құттықтап, жастарымыздың халықаралық экологиялық жобалар мен бастамаларға белсенді қатысуының маңызын атап өтті.
Аружан ДОСЫМХАН,
ҚарҰЗУ студенті