Төтенше жағдай • 29 Мамыр, 2023

Шығыс Қазақстанда өрт қаупі әлі де сақталады

337 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Өңірде тұрақталған ыстық, құрғақ ауа райына байланысты Шығыс Қазақстан облысының ТЖ департаменті өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды ұсынады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шығыс Қазақстанда өрт қаупі әлі де сақталады

Өңірде өрт қауіптілігі келесі санаттарға жіктелген:

1 санат: Марқакөл,

3 санат: Өскемен қ.,

4 санат: Риддер қ., Алтай ауданы, Үлкен Нарын, Күршім, Катонқарағай аудандары

5 санат: Самар ауданы.

Бастапқы кезеңде жануды жедел бақылау үшін ШҚО ТЖД қызметкерлері космомониторингті пайдаланады.

«Бүгінгі таңда ғарыштық технологиялардың көмегімен 227 сурет түсірілді, 73 жылу нүктесі тіркеліп, олар жедел пысықталды. Олардың негізгі пайызы азаматтардың абайсызда отпен жұмыс жасауынан және қарапайым қауіпсіздік шараларын бұзуына байланысты туындаған», деп атап өтті ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы Нұржан Өміржанов.

ШҚО ТЖД халыққа мынаны ескертеді:

Аудандардағы өрттердің қауіпсіздігі мен алдын алу мақсатында азаматтардың орман аймағына баруын шектеу.

Бұл кезеңде еш жағдайда шөпті өртеуге, орманда от жағуға болмайды. Балаларға от пен сіріңкемен ойнаудың қауіптілігі туралы барынша түсіндіру. Жол бойында келе жатқан кезде көліктердің терезелерінен сөндірілмеген темекі тұқылдарын лақтыруға жол бермеңіз.

Саяжай учаскелерінде:

- Алғашқы өрт сөндіру құралдарының болуы шарт: су құйылған  бөшке немесе өрт  сөндіргіш;

- Үйлердің жанындағы саяжайлардың аумағын жинау кезінде от жағуға қатаң тыйым салынады. Рұқсатсыз от қою, былтырғы қалдық шөптерді бақылаусыз өртегені және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамағаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 336, 410-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделгенін. Профилактикалық рейдтердің нәтижесінде облыста құрылған мобильді топ  31 құқық бұзушыны анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартқан.

Өртті байқаған болсаңыз  дереу «101» және «112» телефондары арқылы хабарлау қажет.