Аймақтар • 29 Мамыр, 2023

Өрт сөндіруші батырдың бейнесі

373 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысындағы оқ-дәрілер қойма­сында отпен арпалысып қаза тап­қан өрт сөндіруші, Халық Қаһарманы Мейір­­­­жан Аймановтың Пав­­­лодарда муралы салын­ды. Керекулік өрт сөн­дірушілер батыр әріп­­­тесін еске алып, ру­хы­­на құрмет көрсетті.

Өрт сөндіруші батырдың бейнесі

Халық Қаһарманының ерлігі ел есінде. 2021 жыл­дың 26 тамызында Жамбыл облы­сын­дағы әскери бөлім­дердің бірінде оқ-дәрі сақ­тайтын қойма өртенді. Өртті сөндіру, эвакуациялау жұмыстарына өңірлік тө­тен­ше жағдайлар департаменті өрт сөнді­ру және авариялық-құтқару жұмыстары қыз­меті бастығының орынбасары Мейір­жан Ай­манов жетек­шілік етіп, екі әріптесін өрт­тен аман алып шыққан еді. Алайда екінші жарылыс батырдың өмірін қиды. Қа­зақ­стан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі, қыз­меттік борышын атқаруда көрсет­кен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін марқұмға Халық Қаһарманы атағы берілді.

Ерен ерліктің үлгісін та­нытқан М.Айма­новқа Пав­лодар жерінде мұндай құр­меттің жасалуы тегіннен-тегін емес. Ол 1995-1997 жылдар аралығында Ішкі істер министрлігінің Павлодар тех­никалық колледжінде бі­лім алған. Академик Шөкин-Катаев көшелерінің қиы­л­ысындағы көпқабатты үй­дің қабырғасына салынған мурал өрт сөндірушілердің жанқияр­лық еңбегіне арналып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Жамбылдағы тө­тен­­ше оқиға салдарынан 18 адам көз жұмған бо­ла­тын. Оның 10-ы – азаматтық қорғаныс өкілі.

 

Павлодар