Әскер • 30 Мамыр, 2023

Қазақстанда запастағы офицерлер әскери қызметке шақырылады

381 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қорғаныс министрлігі «Әскери қызметке запастағы офицерлерді шақыру туралы» Үкімет қаулысының жобасын дайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда запастағы офицерлер әскери қызметке шақырылады

Құжатта 2023 жылы әскери қызметке шақырылатын запастағы офицерлердің жалпы саны, сондай-ақ офицерлерді шақыру жоспарланған мемлекеттік органдардың атаулары көрсетілген.

Құжат Ашық НҚА сайтында 6 маусымға дейін талқыланады.

2023 жылғы 2 ақпанда Қасым-Жомарт Тоқаев мерзімді әскери қызметшілерді запасқа шығару және 2023 жылғы наурыз-маусым және қыркүйек-желтоқсан айларында өтетін әскерге кезекті шақыру туралы жарлыққа қол қойған.

Соңғы жаңалықтар