Әлем • 30 Мамыр, 2023

Қытайда жұмыссыз жастар көбейді

332 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ERI Monitor агенттігі мәліметінше, Қытайда жұмыссыз жастардың саны рекордтық көрсеткішке жеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қытайда жұмыссыз жастар көбейді

Биыл сәуір айында Қытайда 16-24 жас аралығындағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі рекордтық жоғары (20,4 пайыз) мәнге жеткен.

ERI Monitor мәліметінше, бұл көрсеткіш орта және кәсіптік мектептердің жақын арадағы түлектеріне (15 пен 18 жас аралығында), сондай-ақ колледж студенттеріне (шамамен 22 жастағы) қатысты.

Сондай-ақ ел бойынша сәуірдегі жұмыссыздықтың жалпы көрсеткіші соңғы 16 айда рекордтық ең төменгі мәнге дейін төмендеген.

Бұған жұмыс орындарының жетіспеуі мен кәсібиліктің төмендігі себеп болып отыр.

 

Соңғы жаңалықтар

«Спартак» тағы да жеңілді

Спорт • Бүгін, 11:55

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 10:42

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40