Музей • 31 Мамыр, 2023

«Алжир» мұражай кешеніне тарту

389 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Тұңғыш Президент кітапханасы мен Президент Архивінің 18 құжат пен 60-тан астам кітабы «АЛЖИР» мұражай-мемориалдық кешеніне тапсырылды.

«Алжир» мұражай кешеніне тарту

«1997 жылдан бастап Қазақ­станда жыл сайын 31 мамырда тарихымыздың ең қасірет­ті беттерінің бірі – миллионда­ған адамның өліміне әкеп соққан жаппай саяси қуғын-сүргін мен алапат аштық құрбандарын еске алу күні аталып өтіледі. «АЛЖИР»-ге берілген бұл мұрағаттық фотоматериалдар мен құжаттар тарихи әділеттілікті қалпына келтіруге өз үлес қосатынына сенім мол», деді Тұңғыш Президент кітап­ханасының директоры Бақытжан Темірболат.

«АЛЖИР» мұражай-мемо­риалдық кешенінің директоры Самат Тергембаевтың сөзінше, аталған кешен жаппай террор құрбандарына арналған бірегей ескерткіш ретінде ХХ ғасырдың 1930-1950 жылдарындағы қай­ғылы оқиғалардың естелігін сақ­тауға, сондай-ақ болашақта мұндай ауыр қайғы-қасірет қай­таланбас үшін жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік пен адамгершілік қасиеттерді қалып­тастыруға көмектеседі.

Өз кезегінде Президент Архиві директорының орынбасары Бейсембай Жұмабеков мұрағатта ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін материалдарын зерттеу орталығының ашылуы­мен республикада осындай құжаттардың мамандандырылған қоймасы пайда болғанын атап өтті. Елімізде саяси қуғын-сүргін құр­бандарын толық ақтау жөнін­дегі мемлекеттік комис­сияның жұмысы тиісті ресми мұрағаттық қолдауға ие болды.

Іс-шараға сондай-ақ Пар­ламент депутаттары, Қазақ­стан халқы Ассамб­лея­сының мүшелері, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия мүшелері, Целиноград ауданы әкімдігінің қызметкер­лері, ардагерлер мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.