Тағайындау • 31 Мамыр, 2023

Көлік комитетінің төрағасы тағайындалды

477 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен Алтай Сембекұлы Әлі Көлік комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көлік комитетінің төрағасы тағайындалды

1985 жылы 3 мамырда Жамбыл облысы, Жаңатас қаласында дүниеге келген. 

2008-2012 жылдары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын  2006 - 2010 жылдары «United Bank Limeted» өкілдігінің бас менеджері қызметінен бастаған. 

2010 - 2014 – «Даму» КДҚ» АҚ субсидиялау департаментінің менеджері (Алматы қ.);

2014 - 2015 – Астана қалалық сотының бас маманы (Астана қ.);

2015 - 2016– Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесінің Сыртқы байланыстар және хаттама бөлімінің бас сарапшысы (Астана қ.);

2016 - 2016 – Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Хатшылығының бас сарапшысы (Астана қ.);

2016 - 2018 – Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің бас инспекторы (Астана қ.);

2018 - 2018 –Оңтүстік Қазақстан облысы аппаратының басшысы (Шымкент қ.);

2018 - 2019 – Аппарат басшысының орынбасары-Шымкент қаласы әкімі хатшылығының меңгерушісі;

2019 - 2020 – Шымкент қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы;

2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Көлік комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет атқарып келген.