Қоғам • 31 Мамыр, 2023

Қазақ мультфильмі отандық киноның тасасында қалды - Мәжіліс депутаты

703 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы фракциясының мүшесі Наурыз Сайлаубай Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәліге, Мәдениет және спорт министрі Асхат Ораловқа балалар контенті, отандық анимациялық өнімдерді дамыту туралы депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақ мультфильмі отандық киноның тасасында қалды - Мәжіліс депутаты

Мәжіліс депутаты Наурыз Сайлаубай отандық кино саласында өзекті болып отырған мәселені қайта көтеріп, балаларға арналған өнімдердің санын көбейту қажет екенін айтты.

«Бүгінгі балалар – ертеңгі болашағымыз. Ал қазір олар бойына қандай құндылықтарды сіңіріп жатыр? Мультфильм – тәрбие құралдарының бірі. Алайда философиялық мәні мен заманауи элементтері бар қазақша анимациялық фильмдер әлі де жеткіліксіз. Өздеріңізге мәлім, қазір шексіз ғаламтор әлемдік нарыққа жол ашып жатыр. Ондағы ақпаратты өскелең ұрпақ талғамай тұтынып отыр. Мәселен, бүлдіршіндер ютуб желісінен анимациялық бейнелерді өздері тауып қарайды. Есесіне психологиясы қалыптасып үлгермеген балалардың тілі шұбарланып жатыр. «Әліпті таяқ деп білмейтін» ойы бекімеген балалар, тіпті, қай сөз қай тілге тиесілі екенін ажырата алмайды», деді Мәжіліс депутаты.

Бұл ретте Наурыз Сайлаубай әлем нарығындағы өнімдерді тұтынатын балалар ұлттық құндылықтардан безетінін тілге тиек етті.

«Қазіргі таңда Қазақстан аумағында 25 мультканал жұмыс істесе, оның 24-і шетелдік арналар. Әрбір елдің жасаған өнімі өзінің дініне, мәдениетіне, түсінігіне сай болады ғой. Сол себепті шетелдік мультфильмдердің кейіпкерлері балалардың «идеалына» айналып отыр», деді депутат.

Мәжіліс депутаты «Balapan» телеарнасына бәсекелес боларлық арналардың ашылуы мен отандық анимацияның дамуына тиісті қаржы бөлінбейтінін қоса айтты.

«Былтыр аниматор Ғали Мырзашев Димаш Құдайбергенді мультфильмге прототип ретінде ұсынған еді. Сол бейнеде ұлттық құндылықтарымызды көрсеткісі келді. Алайда отандық өнімге қаржының жоқтығы кедергі болып отыр», деді Наурыз Сайлаубай.

Депутаттың айтуынша, қазақ мультфильмі отандық киноның тасасында қалып отыр. Бөлінетін қаржының 80 пайызы ересектерге арналған киноның еншісінде кетеді. Арнайы заңның жоқтығы мульфильмге бөлінетін бюджетке де әсер етеді.

Мәжіліс депутаты кино мен мультфильмге бағытталатын қаржыны бөлек қарастыруды және Әмен Қайдардың атын беріп, жаңадан арнайы жеке студия ашуды ұсынды.

Соңғы жаңалықтар

Туризм табысы еселенді

Туризм • Бүгін, 09:55

Жаңа бастама жемқорлықтың алдын ала ма?

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:40

Адам құқы бала құқынан басталады

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:35