Инфографика • 01 Маусым, 2023

Оқу жылы аяқталды

378 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Сонымен кезекті оқу жылы да аяқталды. Кеше оқушылар мектептегі соңғы сабақтарын өткізді. Ал бүгін білім ошақтарында соңғы қоңырау соғылады. Алда – 90 күндік демалыс.

Оқу жылы аяқталды

Инфографиканы жасаған Алмас МАНАП, «EQ»

Биылғы оқу жылы жаңалығы көп­ кезең ретінде тарихта қал­ға­ны­ рас. Әуелі жылдағы дәстүр бұзы­лып, мектептегі оқу алғаш рет 31 ма­мырға дейін созылып, соңғы қо­ңырау 1 маусымда соғылды. Осы бір жаңашылдық қоғамда қы­зу­ талқыланғанын да еске са­ла кетейік. Қалай десек те, отан­­дық білім саласы аталған жа­ңа­­шылдық арқылы жаңа кезең­ге­­ қадам басқандай әсер қал­­дыр­­ды. Мұндай қадамның не үшін жасалғанын Оқу-ағарту ми­нис­­трлігінің баспасөз хатшы­сы Мереке Амангелдіқызы түсіндіріп берді.

– Осыдан үш жыл бұрын пан­де­мияға байланысты өмірімізде үл­кен өзгеріс болғаны белгілі. Мәж­бүрлі қашықтан оқыту кезеңі білім­нің сапасы мен көлеміне, бала­лардың эмоционалдық жағ­да­йына айтарлықтай кері әсер ет­ті. Мұны халықаралық зерттеу­лер­ де дәлелдеп отыр. Білім сала­­сындағы олқылықтардың ор­нын толтыру, білім жүйесін кү­шейту үшін оқушылардың мүд­десін қорғай отырып, салаға түзе­ту енгізу қажеттілігі туында­ды.­ 2021­-2022 оқу жылындағы осын­дай­ шешімдердің бірі оқу жы­лын 36 аптаға дейін ұзарту бол­ды. Бұл шешім бірден қабыл­дан­бады. Ол үш жыл бойы зерде­лен­ді. 2022 жылдың тамыз айын­да­ білім берудің мемлекеттік жал­пы­ға міндетті стандарты, оқу бағ­дар­ламасы мен үлгілік оқу жос­парлары бекітілді. Министрлік, Орта білім беру комитеті, әдістемелік кабинеттер түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, нұсқаулық әдістемелік хаттар жолдады. Бұдан бұрын да хабарланғандай, оқушылардың ата-аналарынан да бес күндік оқу аптасына көшіру туралы өтініштер түскен болатын. Тиісінше ұсыныс сарапшылар қауымдастығымен келісіле отырып, барлық сенбілік сабақтар қалған бес күнге ауыстырылды, оқу бағдарламаларына өзгерістер енгізілді. Осылайша, мектептер­де­ оқу жылын 31 мамырға дейін ұзар­ту оқушылардың күнделікті оқ­у жүктемесін азайтты. Айта кетерлігі, оқу жылының ұзақ­ты­ғын­ созғанымызбен, салыстырма­лы­ түрде біздің елде демалыс ке­зе­ңі ең ұзақ болып қалып отыр. Жаз мезгіліндегі демалыстың ұзақ­тығы 13 аптадан асады, ал алдың­ғы қатарлы елдерде жазғы демалыс кезеңі 7-9 аптадан да аз, – дейді Мереке Амангелдіқызы.

Сондай-ақ ол Оқу-ағарту ми­нис­трлігі тұрақты негізде әлеу­­меттік желіге мониторинг жүр­­гізетінін, ведомствоға оқу жы­лы­ның­ аяқталу мерзімін қайта қарау тура­лы өтініштер түсіп жатқанын айтты. «Осыны ескере отырып, осы оқу жылы кезеңінде сарапшы­лар­дан құралған ко­мис­сия сара­п­тама жүргізгенін, оның қоры­тындысын шығару толық оқу цик­лін, яғни 36 аптаны аяқтауды талап ететінін атап өткім келеді. Жаңа­шылдықтарды енгізуге байланысты білім сапасы бағаланып, оқушылардың білім нәтижелері салыстырылады. Комиссия бұл мәселені толыққанды зерделеу үстінде. Түбегейлі шешімді са­рап­шылар қауымдастығы ғана­ қабыл­дай алады және ол бірін­ші­ кезекте балаларымыздың мүд­де­сін көздейтін болады», деп нақ­ты­ла­ды­ министрлік өкілі.

Сонымен биылғы оқу жылын рес­публика бойынша 3 млн 700 мыңнан астам оқушы аяқтады. 172 мың түлек 11-сыныпты тәмам­дады. Оның 6 мың 800-і­ – «Алтын белгі» үміткері. Ал 9-сы­­нып­ты 288 мыңнан астам тү­­лек аяқтады. 1-10 сыныптар ара­лығындағы балалардың 85,3 па­йызы жазғы демалыспен және сауық­тырумен қамтылатын бола­ды. Бұл дегеніміз – 2 млн 800 мың ба­ла. Оның ішінде жекелеген са­нат­тағы отбасылардың 500 мың бала­сы бар.

Балалар демалысын ұйым­дастыру үшін 218 қала сыр­тын­дағы және 10 200 мектеп жа­нын­дағы, профилдік, шатырлы ла­герьлер жұмыс істейтін болады.­ Сонымен қатар «Этноауыл», «Жаз­дық жолдама» жобалары іске асырылады. Жетекші универси­тет­тер жанындағы жазғы және олим­пиадалық резерв мектептері жұмыс істейді. Жазғы демалыста 1 млн 400 мың бала үшін қосымша білім беру мекемелеріндегі секциялар мен үйірмелер ашылады. Ғылыми-техникалық, музыкалық, көркемдік, экологиялық, туристік және басқа да бағыттардағы 11 мың үйірме балаларды қабыл­дай­ды. Сондай-ақ балалар «Жасыл ел»­ бағдарламасы шеңберінде көгал­дандырумен шұғылданады, еліміз­дің киелі жерлеріне саяхат­тап, спорттық жаттықтыру жиын­­дарында шынығады, тілдік курс­тар­ға қатыса алады.

1-10 сынып оқушылары дема­лыс­қа шықтық деп қуанып жатса, 11-сынып түлектері үшін жауапты­ ке­зең басталды. Олар жоғары оқу орындарының грантына ие болу үшін ұлттық бірыңғай тесті­леуден өтеді. Бұған дейін жаз­ға­­нымыздай, биыл түлектер 5 мәр­те тест тапсыра алады. Алайда со­ның ішіндегі ең маңыздысы – негізгі ҰБТ. Өйткені дәл осы сынақтың нәтижесінде білім гранттары үлестіріледі. Негізгі ҰБТ осы жылдың 18 мамырында басталғанын білеміз. Ол 5 шілдеге дейін жалғасады. Биыл 166 мың талапкер негізгі ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініш берген. Олар бұл сынақты екі мәрте тапсыра алады. Сөйтіп, ең үздік нәтижемен грант конкурсына қатыса алады. Негізгі ҰБТ-ға қатысушылардың 75 па­йы­зы сынақты қазақ тілінде, 25 па­­йызы орыс тілінде, 243-і­ ағыл­шын­ тілінде тапсыруға өтініш білдірген.

– Тестілеу форматында өзгеріс жоқ. Пәндер саны өзгеріссіз қалды, яғни үш міндетті және екі бейіндік пән, барлығы 120 тест­ тапсырмасы. Ең жоғары ұпай­ – 140. Тестілеудің жалпы­ уақыты – 4 сағат (240 минут). Сонымен қатар ерекше қажеттіліктері бар бала­ларға қосымша 40 минут бері­леді. ҰБТ тапсырмаларының құры­лы­мын­да өзгерістер бар. Тест тапсырмаларында дистракторлар санын (жауап нұсқалары) қысқарту туралы шешім қабылдады. Бір дұрыс жауабы бар тест тапсырма­ла­рында нұсқалар саны 5-тен 4-ке дейін, бір немесе бірнеше дұ­рыс жауабы бар тест тапсырма­ла­рын­да (үш дұрыс жауаптан көп емес) нұсқалар саны 8-ден 6-ға де­йін азайды. 2022-2023 оқу жылынан бастап «Информатика» пәні ҰБТ бейіндік пәндер ком­би­нациясының тізіміне енгі­зіл­­ді. Осыған байланысты «Инфор­ма­тика мұғалімдерін даярлау», «Ақпа­раттық технологиялар», «Ақпа­раттық қауіпсіздік» білім беру бағдарламаларының топтарына түсушілер «Математика-Инфор­матика» комбинациясы бойын­ша ҰБТ тапсырады, – деді Ғы­лым және жоғары білім вице-ми­нистрі Қуаныш Ерғалиев.

Еске сала кетейік, Мемлекет бас­шысы Қасым-Жомарт Тоқаев­тың­ тапсырмасы бойынша биыл­ғы­ барлық гранттың 60 пайы­зы­ инженерлік-техникалық маман­дық­тарға бөлінген. Жоғары және жо­ғары оқу орнынан кейінгі білім беру­дің барлық деңгейіне оқуға бөлін­ген білім гранттарының жалпы саны 88 мыңды құрайды. Оның ішінде бакалавриатта оқу үшін 73 мың­ грант, магистратураға – 13 мың,­ докторантураға – 1 890 грант бөлі­ніп отыр.