Білім • 31 Мамыр, 2023

«Болашаққа» өтінім қабылдау басталады

347 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Осы жылдың 5 маусымында «Болашақ» бағдарламасына құжат қабылдаудың үшінші легі басталады. Өтінімдер 7 шілдеге дейін eGov.kz мемлекеттік қызметтер порталы арқылы қабылданады. Жылдың соңына дейін өтінім қабылдаудың тағы бір легі 17 шілде мен 15 қыркүйек аралығында өтетін болады.

«Болашаққа» өтінім қабылдау басталады

Биыл «Болашақ» бағдар­ла­масы аясында 555 стипендия­ бө­лінді. Оның ішінде 395 стипендия магистратура және рези­ден­тураға, 50 стипендия док­то­рантураға, 110 стипендия та­ғылымдама бағдарламалары бо­йынша үлестірілген. Басым маман­дықтар тізімінде 262 ма­ман­­дық бар.

– Осы жылы «Болашақ» сти­­­­­пен­диясы аясында үміт­кер­­лер­ді іріктеу қағидалары же­тіл­дірілді. Енді конкурсқа шетел­дік жоғары оқу орны немесе ұйымнан академиялық оқуға гранты бар үміткерлер де қатыса алады. Бұл ретте­ «Бо­лашақ» бағдарламасы тұру, тамақтану, медициналық сақ­тан­дыру, ұшу, визалық алымдар, оқу материалдарын сатып алу­ шығындарын өтейтін болады.­ Сондай-ақ еңбекпен өтеу мерзімі бір жылға қыс­қа­рады, – деп атап өтті «Ха­лық­­аралық бағдарламалар орта­лы­ғы» АҚ басқарма төрағасы Олжас Сәкенов.

«Болашақ» стипендиясын­ тағайындау конкурсына же­ңіл­дігі бар үміткерлерді қос­па­ғанда, жетекші шетелдік жо­ғары оқу орнынан шартсыз ша­қыруы бар үміткерлер ғана қа­тыса алады.

Осы жылдың тағы бір­ жаңа­лы­ғы – «Болашақ» бағдар­ла­ма­­­сының конкурстық іріктеу ере­желері жетілдірілді. Енді кан­ди­даттар өтінім берген ке­з­де шет тілінен емтихан тап­сыр­ғаны туралы сертификат ұсы­нады. Мәселен, ағылшын тілін­де­ магистратураға түсушілер нә­тижесі кемінде 9.0-дан 6.0 IELTS, PBT 677-ден 498, IBT 120-дан 60 TOEFL сертификат­та­рын, тағылымдамадан өту­ші­лер­ – IELTS 5.0, PBT-417, IBT-35 TOEFL, DET 75 сертификаттарын ұсынуға тиіс.

Мемлекет басшысының «Бо­­­ла­шақ» бағдарламасын қай­та бағдарлау жөніндегі тап­сырмасы бойынша инже­нер­лік-техникалық кадрларды даяр­лауға басымдық беріледі. Үміт­керлерді қолдау үшін «Инже­нерлік-техникалық қызмет­кер­лер» жаңа жеңілдік санаты енгі­зілген. Сонымен қатар Халық­аралық бағдарламалар орта­лығының бастамасымен меди­циналық қызметкерлерді ірік­теу­ қағидалары жетілдірілді. Атал­ған өзгертулердің нәти­же­сін­де жергілікті дәрігерлер мен­ техникалық қызметкерлер 12 ай­ға­ дейінгі тегін тілдік дайын­дық­тан өте алады.