Олимпиада • 31 Мамыр, 2023

Топ жарғандар

375 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Физикадан «Asian Physics Olympiad» (APhO) 23-ші олимпиа­да­сында Қазақстан құрамасы үздік нәтиже көрсетті. Жерлестеріміз бір алтын, екі қола медаль иеленді.

Топ жарғандар

Алтын медаль Алматыдағы физика-математика бағы­тын­да­ғы Назарбаев зияткерлік мек­те­бінің 12-сынып оқушысы Ерсұлтан Пітебайға бұйырды. Ол былтыр Үндістанда өткен сайыста қола жүлде алған болатын.

Сондай-ақ Ақтөбе қаласын­да­ғы физика-математика­ ба­ғы­тын­дағы Назарбаев зият­кер­­лік­ мектебінің 12-сынып оқу­­шы­сы Әлішер Еркебаев Азия­ олим­пиа­дасының қола жүл­­де­сін екінші мәрте еншіледі. Ұс­тазы Мират Оспановтың айтуынша, бұл білім додалары ара­сындағы ең қиын олимпиада сана­лады.

Тағы бір қоланы Қызылорда қала­сындағы С.Шаухаманов атын­дағы №9 дарынды бала­лар­ға арналған облыстық «Бі­лім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқу­шы­сы Арман Бақытов олжала­ды.­

Сонымен қатар екі оқу­шы­ құр­мет грамотасымен ма­ра­патталды. Олар – Павлодар қала­­сындағы Дарынды ба­ла­­лар­ға арналған №8 лицей-мек­тебінің 11-сынып оқу­шы­сы Даир Нұртаев және Ал­ма­ты қаласындағы №165 маман­дан­дырылған лицейдің 10-сынып­ оқу­шысы Марғұлан Нұрса­ға­тов­.

Еске сала кетейік, «Asian Phy­sics Olympiad» олимпиадасы 2000 жылдан бері өткізіліп келеді. Бұл – Азия-Тынық мұ­хи­­­ты елдерінің оқушылары жыл­ сайын қатысатын беделді бі­лім бәйгесі. Биылғы бәсеке Моң­ғолия астанасы Ұланбатыр қала­сында өтті. Оған 27 елден 200-ден аса оқушы қатысты.

Алда жас физиктерді тағы бір ма­ңызды дода күтіп тұр. Олар­ 10-17 шілде аралығында Жа­по­­нияда физика пәнінен өтетін халық­аралық олимпиадада бақ сынайды.

 

Мерей АУҒАЛИ,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті