Шаруашылық • 31 Мамыр, 2023

Фермерлерге – 7,5 млрд теңге

237 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Отандық фермерлер бүгінгі күнге дейін тыңайт­қыштарды субсидиялауға 13 251 өтінім берген. Өңірлердің Ауыл шаруа­шылығы басқармаларында 9 027 өтінім бар, 2 040 өтініш қабылданбады, ал 7,5 млрд теңге сомасына 2 184 өтінім мақұл­данды және тиісті сома төленді.

Фермерлерге – 7,5 млрд теңге

Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, бұған дейін gosagro.kz порталында өтінімдердің үштен бірі қабылданбады. Мемлекеттік қолдаудан бас тартудың негізгі себебі бекітілген субсидиялау қағидаларына сәйкес 2023 жылы 1 қаңтарда күшіне енген агрохимиялық картограммалардың болмауы, сондай-ақ алқаптарды цифрландырудағы қиындық­тардың туындауы. Солтүстік аймақтармен салыстырғанда оңтүстікте шағын егістіктері бар фермерлер басым.

Бұл мәселені шешу үшін салалық ведомство 2023 жылы 25 сәуірде жоғарыда аталған Қағидаларға агрохимиялық картограммаларды пайдалану жөніндегі талапты алып тастау бойынша түзетулерді бекітті, сондай-ақ 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін «Қазақстан Ғарыш Сапары «ҰК» АҚ арқылы егістіктерді цифрландыруды кейінге қалдыру енгізілді.

Белгіленген мерзімге дейін фермерлер осы егістіктерді құқық белгілейтін құжаттарға сәйкес міндетті түрде түзетуі қажет екенін атап өткен жөн. Тиісті кестені АШМ «Қазақстан Ғарыш Сапары «ҰК» АҚ-мен бірлесіп дайындап жатыр.

Сондай-ақ субсидияларды алуға облыс әкімдіктерінің тыңайтқыштарды субси­диялау тізбелері мен нормалары туралы тиісті қаулыларының болмауы кедергі бол­ды. Жергілікті атқарушы органдар нор­ма­тивтерді тек наурыз айынан бас­тап, мамырға дейін бекіте бастады. Атап айтқанда, Атырау облысында қаулы осы күнге дейін қабылданған жоқ. Өңірлік әкімдіктің ақпараты бойынша құжат жақын арада бекітілетін болады.

Жалпы, тыңайтқыштарды субсидиялауға өтінім­дер­ді беру gosagro.kz порталы арқы­лы толық автомат­тандырылған, деректерді «қолмен» енгізуге жол бермейді. Бұл мемле­кет­тік қолдау  кезінде адами факторды бол­дырмайды, яғни бюджет қаражатын тиім­ді және ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді.