ІІМ Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, «Ксеll», «КаР-Тел», «Altel» және «Теle2» ұялы байланыс операторларының антифрод-жүйелерінің дерекқорларын біріктірген.
«Нәтижесінде, өткен жылдың 6 айында 19 млн алаяқтық қоңырау бұғатталды, ал 2023 жылдың басынан бері тіркелген қоңыраулар саны 15 миллионнан асады. Осындай қылмыстарға қатысы бар адамдарды анықтау бойынша шаралар жалғасып жатыр», делінген хабарламада.