2023 жылдың 1 маусымынан МӘМС бойынша консультациялар 1414 арқылы беріледі.
Мұндай шешім халыққа консультациялық көмектің барынша қолжетімділігін қамтамасыз ету және жоғалған қоңыраулар үлесін қысқарту мақсатында қабылданды.
1414 операторлары 9:00-ден 21:00-ге дейін консультативтік сипаттағы сұрақтар бойынша қоңыраулар қабылдайды әрі оларға жауап береді. Егер сұрақтар-өтініштер терең зерделеуді қажет етсе, онда олар Қор мен медициналық ұйымдардың өкілдері өңдейтін екінші және үшінші желілерге жолданады.
Бұл ретте Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, fms.kz ресми сайты немесе Telegram-дағы @SaqtandyrýBot сияқты Қордың баламалы байланыс арналары жұмысын бұрынғыдай жалғастырады. Оператордың жауабын күтіп, уақыт жоғалтқысы келмейтін азаматтар өз сұрақтарын сол арналарға жібере алады.