Елорда • 02 Маусым, 2023

Ортақ әліпби туыстықты тереңдетеді

299 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Түркі академиясы Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) хатшылығының, Түрік тілі қоғамының және Ататүрік атындағы мәдениет, тіл және тарих бас мекемесінің қолдауымен Астана қаласында Түркі әлемі ортақ әліпбиі комиссиясының бірінші отырысын өткізді. Жиынға комиссия мүшелері, түркі елдеріндегі тіл білімі ғылыми зерттеу институттарының қызметкерлері, осы салада жұмыс істейтін өзге де мамандар қатысты.

Ортақ әліпби туыстықты тереңдетеді

Түркі халықтары әліпбилерін үй­лес­тіру бауырлас елдер арасындағы ынты­мақ­тастықта маңызды бағыттарының бірі саналады. Атап айтқанда, 2021 жы­лы­ Түркі мемлекеттері ұйымы мемлекет­ бас­шыларының VIII саммитінде қабыл­дан­ған «Түркі әлемінің келешегі – 2040» стра­те­гиялық құжатында ұйымға мүше мем­ле­кеттер арасындағы байланысты­ ны­ғайта түсу мақсатында әліпби және терминология саласында ортақ ұстаным­дар­ға қол жеткізу көзделген. Сонымен қа­тар Түркі академиясын құру туралы ке­лі­сімде ортақ әліпби әзірлеу академия мақ­саттарының бірі ретінде көрсетілген.

Жиынды қатысушыларға арнау сөзі­мен ашқан Түркі академиясының прези­денті Шаһин Мұстафаев түркі халық­та­ры латын қарпіндегі ортақ әліпбиге кө­шу бойынша осыдан 100 жылға жуық уақыт бұрын Бакудегі бірінші түр­ко­ло­гия конгресінде уағдаласып, әрекет ете бастағанын атап өтті. Ал 1991 жы­лы­ бірқатар түркі мемлекеттерінің тәуел­сіз­дік алуымен бірге бұл бастама қайта жаң­ғырды. Оның айтуынша, ортақ әліпби бір жүйені барша түркі халықтарына таңу­ емес, жалпы ортақ ұстанымдарға негіз­делген «әліпби бірлігіне» қол жет­кі­зу. Академия басшысы былтырғы 26-27 қыр­күйекте Бурса қаласында Ортақ әліп­би­ комиссиясын құру туралы шешім қа­был­ғанғанын, бұл сол комиссияның ал­ғаш­­қы отырысы екенін атап өтті.

Өз кезегінде еліміздің Сыртқы істер минис­трінің орынбасары Қанат Тумыш ортақ әліпби бойынша бір тоқтамға келу Түр­кі мемлекеттері ұйымына мүше елдер Мем­лекет басшыларының тапсырмасы еке­нін еске салды. Сонымен қатар ол түр­кі халықтарының тілдік жақындығын сақ­таудың ынтымақтастықты тереңдете түсу­дегі маңызы зор екенін мәлімдеді.

Түркия Республикасы Ататүрік атын­дағы мәдениет, тіл және тарих бас­ мекемесінің басшысы, Түрік тілі қоғамы­ны­ң вице-президенті Юксел Өзген әліпби бір­лігі халықтарымызды бұрынғыдан да жа­қындастыра түсетінін айтты.

Түрік тілі қоғамының президенті Ос­ман­ Мерт бағзы заманда бабаларымызда жа­зу мәдениетінің жоғары болғанын, бү­гінде тәуелсіз елдер ретінде сол мә­де­ниетті ортақ жалғастыру бақытына ие бо­лып отырғанымызды атап өтті.

Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ербол Тіле­шов Қазақстан тарапынан латын әліп­биі­не көшу бойынша атқарылып жатқан жұ­мыстар туралы баяндап берді. Сондай-ақ­ туыс халықтар арасындағы тілдік жа­қындықты сақтауда ортақ әліпбидің ма­ңы­зы зор екенін атап көрсетті.

Бұдан кейін отырыс тақырыптық сес­сиялар бойынша жалғасты. Бірінші сес­сия түбі бір туыс халықтар арасында әліпби бірлігін қамтамасыз ету және мем­лекеттік тіл саясаты мәселелеріне арнал­ды.­ Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ер­бол Тілешов сессияға модераторлық етіп, Насими атындағы Лингивистика инс­ти­тутының бас директоры Надир Маме­дли (Әзербайжан), А.Байтұрсынұлы атын­дағы Тіл білімі инистутының дирек­то­ры Анар Фазылжан (Қазақстан), Ш.Айт­матов атындағы Тіл және әдебиет инс­титуты директорының орынбасары­ Ди­нара Исраилова (Қырғызстан), Өз­бек тілі әдебиеті және фольклоры­ инс­ти­тутының ғалым-хатшысы Гулом Ис­маилов (Өзбекстан), Түрік тілі қоғамы­ның­ басшысы Осман Мерт ой-пікірлерін орта­ға салды.

Екінші сессияда Ә.Науаи атындағы Өз­бек тілі мен әдебиетінің Ташкент мем­­­­­­­ле­­­ке­ттік университетінің ректо­ры­ Шу­храт Сирожиддиновтің модера­тор­­лы­ғымен қатысушылар Ортақ түркі әліп­биі комиссиясының ұсыныстарды қа­рау ережесін талқылап, тараптардың пікір­ле­рін­ ескере отырып мақұлдады.

Үшінші сессия барысында ортақ әліп­би­ әзірлеудің жол картасы қарастырылды. Ко­миссия мүшелері «Түркі әлемінің келе­ше­гі – 2040» стратегиялық құжатында көз­дел­ген мақсатқа жету үшін жасалатын нақ­ты қадамдар бойынша уағдаласты. Бұл сес­сияға Ататүрік атындағы Мәдениет, тіл ­және тарих бас мекемесінің басшысы, Тү­рік тілі қоғамының вице-президенті Юк­сел Өзген жетекшілік етті.

Түркі академиясының басшысы Ша­­­һин Мұстафаев жүргізген төртінші сес­сияда отырыстың қорытынды құ­­­жат­та­ры қабыл­данды. Түркі тіл­де­­­­­рін­дегі әліп­би бірлі­гінің бауырлас елдердің күн тәр­ті­бі­н­де тұрған маңызды мәселелер­­­дің бірі екен­дігі ескеріле отырып, әліпбиін латын­ графикасына ауыстырғысы ке­ле­тін түр­кі­ мемлекеттеріне қолдау көр­се­ту­ге ше­шім­ қабылданды. Бұдан бөлек қа­жетті да­йындық жұмыстарын жа­сай оты­рып,­ ортақ әліпбиге кезең-ке­зеңі­мен және кедергісіз көшуге және осы­лай­ша, түркі халықтарының дамуы мен­ ынты­мақ­тастығын нығайта түсуге ық­пал ету ко­миссияның негізгі міндеті ре­тінде айқындалды.

Қатысушылар кезекті отырысты 2024­­ жылы Баку қаласында өткізуге уағ­­даласты. Комиссияға төрағалық ету Әзер­бай­жан тарапына берілді.