Қоғам • 02 Маусым, 2023

Алматы зообағынан енді ақ аюды көруге болады

288 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы зообағына Мәскеу хайуанаттар бағынан Пурга есімді ақ аю жеткізілді. Ол 6 жаста, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы зообағынан енді ақ аюды көруге болады

Зообақ баспасөз қызметінің мәліметінше, ерекше жануарды Алматыға әкелмес бұрын үлкен дайындық жұмыстары жүргізілген. Арнайы қоршау жасалып, бассейн салынған. ЕАРАЗА комиссиясының келісімі алынған.

«Бізге келгеннен кейін ақ аю карантинде болды. Бұл талап зообақтарға әкелінетін, басқа жаққа берілетін барлық жануарларға қатысты. Енді, карантин аяқталып, біздің келушілеріміз зообағымыздың жаңа тұрғыны – Пурганы көре алады. Оның орналасқан вольері кең, ауласында екі бассейні бар. Үйшігінің ішінде ауаны салқындатып тұратын арнайы желдеткіш орнатылған және суық еден жасалған», деп хабарлады зообақтың баспасөз қызметі.

Ол сиыр, тауық етімен, түрлі балықтармен, алма, алмұрт, салат жапырағы, балмен қоректенеді.