2013 жылғы 10 желтоқсан, Астана қаласы
«Субсидияланатын маршруттарда ұшуды орындаған кезде ұшу сағатының өзіндік құны есебінің нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 18 наурыздағы № 159 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 24) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. «Субсидияланатын маршруттарда ұшуды орындаған кезде ұшу сағатының өзіндік құны есебінің нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 18 наурыздағы № 159 бұйрығына (Нормативтің құқықтық актілер тізілімінің №6856 мемлекеттік тіркеуінде тіркелген, № 154-155 (26557) 2011 жылғы 19 сәуірдегі «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
Осы бұйрықпен бекітілген Субсидияланатын маршруттарда ұшуды орындаған кезде ұшу сағатының өзіндік құны есебінің нұсқаулығында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Нұсқаулықта пайдаланылатын ұғымдар:
1) ұшу сағаты – ұшақтың ұшып көтерілу мақсатында қозғалу сәтінен бастап оның ұшу аяқталғаннан кейін тоқтаған сәтіне дейінгі жалпы уақыт.
2) ұшу сағатының өзіндік құны – рейстер құнын есептеу кезінде құрамдас бөлігі болып табылатын ауыспалы шығыстармен қатар әуе кемелерін пайдаланудың орындылығын бағалау үшін қолданылатын негізгі көрсеткіш. Синтетикалық көрсеткіштегі сияқты ұшу сағатының өзіндік құнында өндірістік және қаржы-шаруашылық қызметінің барлық жақтары көрсетіледі: материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын пайдалану дәрежесі.
3) лизингтік төлемдер – есептік кезеңдегі қаржылық лизинг шарты бойынша жалдау ақысының сомасы.»;
мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
«8. Ұшу сағатының өзіндік құнын есептеу кезінде төмендегі келесі шығыстар есептелмейді:
нормативтен тыс техникалық және коммерциялық ысыраптарға, тауарлық-материалдық құндылықтардың және қоймалардағы қорлардың бүлінуі мен жетіспеушілігіне басқа өндірістік емес шығыстар мен ысыраптар;
өндірістік қызметті іске асыру кезінде пайдаланылмайтын негізгі құралдардың амортизациялық аударымдары;
ластаушы заттардың нормативтен тыс шығарындылары (тастандылары) үшін төлемдер;
сот шығындары;
сенімсіз қарыздар;
шаруашылық шарттардың талаптарын бұзғаны үшін айыппұлдар, өсімақылар, тұрақсыз төлемдер мен санкциялардың басқа түрлері;
табысты жасырғаны (төмендеткені) үшін айыппұлдар мен өсімпұлдар;
ұрлықтан келген залалдар;
қызмет көрсетуші өндірістер мен шаруашылықтарды (үй-жайларды тегін беру, қоғамдық тамақтандыру ұйымдарына коммуналдық қызметтер құнын төлеу) ұстау жөніндегі шығыстар;
құзыретті органмен келісілген технологиялық қажеттіліктен басқа денсаулық сақтау, мектепке дейінгі балалар мекемелері, оқу орындарына, кәсіптік-техникалық училищелер объектілерін ұстауға шығыстар;
сауықтыру лагерлерін, мәдени және спорт объектілерін, тұрғын үй қорын ұстауға шығыстар;
мәдени-ағарту, сауықтыру және спорт іс-шараларын (демалыс кештерін, спектакльдер мен концерттер өткізу) өткізуге шығыстар;
кәсіпорындардың қызметкерлеріне тұрғын-үй жағдайларын жақсартуға, бақша үйлерін сатып алуға және үй шаруашылығын жүргізуге берілген несиелерді (пайызсыздарын қоса алғанда) өтеуге шығыстар;
бақшалық серіктестіктерді абаттандыру (оның ішінде жол салу, энергиямен және сумен жабдықтау, жалпы сипаттағы басқа шығыстарды жүзеге асыру) жөніндегі шығыстар;
дәрістер, көрмелер, пікірсайыстар, ғылым және өнер қайраткерлерімен кездесулер, ғылыми-техникалық конференциялар өткізуге және ұйымдастыруға шығыстар;
өндірістік мақсаттарға пайдаланылатын өнімдерді қоспағанда, бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарнамалар бойынша, жарнамалық, плакаттық және баспаханалық өнімдер шығару бойынша шығыстар;
өндірісті вахталық ұйымдастыруды қоспағанда, тауар нарығы субъектілерінің персоналы үшін пәтерлерді, тұрғын ғимараттарды және құрылыстарды, жатақханалар мен қонақ үйлердегі орындарды сатып алуға, жалдауға және ұстауға арналған;
қаланы абаттандыру, ауыл шаруашылығына көмек көрсету жөніндегі жұмыстарды және осы тәріздес басқа да жұмыстарды орындауға шығыстар;
білім беру ұйымдарында оқитын қызметкерлердің еңбек демалыстарына ақы төлеуге шығыстар;
жұмыс қорытындылары бойынша сыйлықақы беруге және сыйақының басқа да нысандарына шығыстар;
кәсіби ауруларды оңалту еміне байланысты шығындардан басқа, авиакомпания қаражаттарының есебінен қызметкерлерге және олардың балаларына емделуге, демалуға, саяхатқа шығуға жолдамаларға ақы төлеу жөніндегі шығыстар;
сақтандыру төлемдері (кәсіпорындармен өз қызметкерлерінің пайдасына жасалған жеке және мүліктік сақтандыру шарттары бойынша кәсіпорындар төлеген жарналар);
қызметкерлерге, оның ішінде балалар тәрбиелейтін әйелдерге қосымша берілетін демалыстарға (еңбек заңнамасында көзделгеннен тыс) ақы төлеуге, қызметкердің отбасы мүшелеріне демалысты өткізетін жеріне және қайтар жолына жолақы төлеуге, сондай-ақ пайдаланылмаған демалысы үшін өтемақы төлеуге шығыстар;
демеушілік көмектің барлық түрлерін көрсетуге шығыстар;
еңбек заңнамасында көзделгеннен басқа қызметкерлерге (қызметкерлерге тамақты тегін немесе төмендетілген бағамен беру, сауықтыру топтарына, секцияларда, клубтарда шұғылдануға арналған абонементтерге, протез салуға ақы төлеу) жеңілдіктер;
мерейтойлық күндерге немесе қызметкерлерге ынталандыру түрінде берілетін (автокөлік, пәтерлер, ұзақ уақыт пайдаланылатын заттар мен басқа тауарлар, сондай-ақ қызметкерлердің жеке есептерінің пайыздық мөлшерлемелерін арттыру) сыйлықтарды сатып алуға шығыстар;
мектепке дейінгі балалар мекемелеріндегі, шипажайлардағы және сауықтыру лагерлеріндегі балалар тамақтарының құнын өтеуге шығыстар;
ұжымдық шартта айқындалған мақсаттар үшін кәсіподақтарға аударым жасау шығыстары;
тәжiрибелік-эксперименттiк жұмыстарды жүргізуге, өнертапқыштық пен рационализаторлық ұсыныстар бойынша модельдер мен үлгiлердi жасауға және сынауға (реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсынған кезде қолданылатын жұмыстарды қоспағанда), көрмелер, байқаулар, конкурстар мен басқа да iс-шаралар ұйымдастыруға, авторлық сыйақылар төлеуге және т.б. байланысты шығыстар;
өндірістік қызметті жүзеге асыруға тікелей қатысы жоқ шығыстардың басқа да түрлері.».
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, соның ішінде оны Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әділет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға көшірмелерін жіберуді;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн 5 жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк тiркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жiберу туралы мәлiметтердi Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Заң департаментiне ұсынуды қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ғ. Бектұровқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
Министрдің міндетін атқарушы А. БЕКТҰРОВ.
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылғы 24 қаңтарда Нормативтік құқықтық келісімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №9092 болып енгізілді.