Қоғам • 02 Маусым, 2023

Марқұм Гүлмира Кәрімованың орнына жаңа сенатор сайланды

356 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда Парламент Сенатының жаңа мүшесі сайланды, деп хабарлайды Egemen.kz ОСК-ға сілтеме жасап.

Марқұм Гүлмира Кәрімованың орнына жаңа сенатор сайланды

2 маусымда қайтыс болған Гүлмира Кәрімованың орнына Солтүстік Қазақстан облысынан Парламент Сенатының депутаттығына сайлау өтті.

Сенат депутатын жанама сайлау құқығы негізінде мәслихаттардың депутаттары болып табылатын сайлаушылар жасырын дауыс беру арқылы сайлады. Облыстағы таңдаушылар тізімінде 193 мәслихат депутаты бар.

Парламент Сенатының депутаттығына облыстан екі азамат үміткер болды. Дауыс беру нәтижесінде облыстағы «Аманат» филиалының төрайымы Әсем Рахметова Солтүстік Қазақстан облысынан сенатор болып сайланды. Ол сайлаушылардың 74,4 пайыз дауысын алды.

ц

Өңірден сенаторлыққа екінші үміткер Солтүстік Қазақстан облысы Дін істері басқармасының басшысы Рауза Қасенова болды.

Еске салайық, 27 қаңтарда сенатор Гүлмира Кәрімованың қайтыс болғаны белгілі болған.