Қоғам • 02 Маусым, 2023

Қазақстанның қай өңірінде қылмыс жиі жасалады?

391 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қоғаммен серіктестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету» тұжырымдамасы аясында Астанадағы мәселелер картасын таныстырған Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов елдегі крименогендік ахуалға тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның қай өңірінде қылмыс жиі жасалады?

«Жыл басынан бері жалпы қылмыс 19%-ға азайды. Олардың ішінде кісі өлтіру - 51%, зорлау - 37%, қарақшылық - 36%, тонау - 16%, бұзақылық - 47%, ұрлық - 28% және көшедегі қылмыстар саны 12%-ға төмендеді. Бұл ретте елордада 10 мың адамға шаққанда қылмыс саны – 127. Бұл елдегі ең жоғары көрсеткіш», деді Марат Ахметжанов.

Министрдің мәліметіне сүйенсек, қылмыскерлердің 80%-ы - тұрақты жұмысы жоқ адамдар. Ал жеке тұлғаға қарсы 50% құқық бұзушылық әрекеттерін  ішімдікке масайған адамдар жасайды екен.