Елорда • 02 Маусым, 2023

Астананың Сарыарқа ауданында жаңартылған аулалар ашылды

334 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада Халықаралық балаларды қорғау күніне орай 5 мекенжай бойынша күрделі жөндеу жүргізілген аулалар ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астананың Сарыарқа ауданында жаңартылған аулалар ашылды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы – тұрғындардың абаттандыруға бөлінген қаражатты игеруге қатысу жобасы. Бағдарламаға қатысу үшін астаналықтар ауланы немесе қоғамдық кеңістікті абаттандыру жоспарын дайындап, аудан аппаратының сайтына жүктеуі қажет. Содан кейін жоба сараптамалық кеңестің тексеруінен өтеді және мақұлданған жағдайда дауыс беруге ұсынылады. Ең көп дауыс жинаған жобалар жазғы маусымның соңына дейін жүзеге асырылады.

Аулаларды абаттандыру жоспары тұрғындармен бірге толығымен қайта қаралып, мамандардың көмегімен толықтырылады. Абаттандыру ауланы толық жөндеуді қамтиды: көгалдандыру, аула ішілік жолдарды асфальттау, шағын сәулет нысандарын ауыстыру, балалар алаңдарын және т. б. орнату. Биыл Сарыарқа ауданында «Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша 15 ауланы абаттандыру жоспарда бар. Одан бөлек, қосымша 12 мекенжай бойынша ойын алаңдарын жаңартамыз.

Айта кетейік, 2019 жылдан бастап Сарыарқа ауданында «Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша тұрғындардың 54 бастамасы іске асырылды. Өткен жылы ауданда 45 аула жаңартып, оның 23-і тұрғындардың елорда бюджетіне қатысуы аясында толықтай жөнделді.