– Балалар бос уақытын мәнді де, мағыналы өткізуге тиіс деп ойлаймыз. Қазіргі балақайлар шетелдік мультсериалдардың кейіпкерлерін жақсы көреді. Ал өзіміздің Алдар көсені білмейді. Сондықтан балғындар арасында халық ауыз әдебиетіндегі ертегілердің кейіпкерлерін көбірек насихаттағымыз келеді. Мұндағы мақсатымыз – кейінгі жас буынның санасына ұлттық құндылықтарымызды сіңіру, – дейді «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің басшысы Наталья Рамазанова.
Жобаның тұсаукесер іс-шарасы қаланың орталық алаңында, ашық аспан астында өтті. Оған этномәдени бірлестікке мүше балалар, бастауыш сынып оқушылары мен балабақша жасындағы балғындар қатысты. Мерекелік іс-шара барысында бала-
лар арасында түрлі байқаулар мен көңілді жарыстар ұйымдастырылып, өнерпаздар ән айтып, күй тартты. Ұйымдастырушылар көпшілік алдында өнер көрсеткен талапты балаларға бір-бір сыйлық ұстатып жатты. Ал неміс этномәдени бірлестігінің өкілдері іс-шараның басындағы балғындардың бәріне балмұздақ үлестірді.
Қостанай