Байқау • 04 Маусым, 2023

«Бояулар құпиясына» барады

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысының 8 оқушысы жас сурет­шілердің «Бояулар құпиясы» республика­лық байқауына жолдама алды. Түркістан­дағы «Оқу­шылар сарайында» өткен байқау­дың облыс­тық кезеңінде олар бірінші орынды иеленді.

«Бояулар құпиясына» барады

Оқушылардың көркемдік, шығармашылық қабілеттерін дамыту, кәсіби бағдарлануын ынталандыру, эстетикалық, гуманистік және патриоттық сезімдерін ояту, балалар көркемсурет мектептерінің рөлін арттыру мақсатындағы байқауда 136 білім алушы бақ сынады. Жас қылқалам шеберлері алдымен аудандық және қалалық іріктеу кезеңінен өтіп, үздік деп танылғандар облыстық кезеңге жолдама алған болатын.

Қатысушылар 45 минут ішінде «Менің елім – менің жерім» тақырыбында классикалық кескін­деме салды. Тақырыптық натюрмортта тұрмыс­тық заттардың немесе халық қолөнері мен қолөнер бұйымдарының бейнесін кескіндеді. «Таланттар палитрасы» арқылы авангард және эксперименттік кескіндемелер мен композициялық туындысын көрсетті. Сондай-ақ сюжеттік композиция ретінде «Жер бетіндегі үздік демалыс», «Менің әуестігім», «Мен және менің отбасым» тақырыбына сәйкес ойларын сурет арқылы жеткізді.

Қазылар алқасының шешімі негізінде жүлделі орындар анықталып, жеңімпаздарға қаржылай сый­ақы табысталды.

 

Түркістан облысы