Қоғам • 05 Маусым, 2023

Таиландта қалыңдығын құтқармақ болған қазақстандық қайтыс болды

413 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таиландта демалып жүрген қазақстандық азамат қалыңдығын құтқарамын деп қаза тапты, деп хабарлайды  Egemen.kz.

Таиландта қалыңдығын құтқармақ болған қазақстандық қайтыс болды

Қаралы хабарды марқұмның әпкесі естіртті.

«Артурдан айырылып қалдық», деп жазды ол Instagram-да.

Р

Cыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров бұл ақпаратты растады.

Жергілікті биліктің ескертуіне және тыйым салуына қарамастан Артур Ысқақов теңізге түсіп, көп су жұтып қойған.

«Таиландта демалып жатқан Қазақстан азаматтарын жергілікті билік органдарының талаптарын сақтауға шақырамыз және метеорологиялық шектеу кезінде теңізге түспеу керектігін еске саламыз. Өкінішке қарай, бұл соңғы аптада Таиландта болған екінші қайғылы оқиға», деп ескертеді ҚР СІМ.

Соңғы жаңалықтар