Қаржы • 05 Маусым, 2023

Доллар бағамы өсті

232 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметтеріне сілтеме жасап.

Доллар бағамы өсті

Күндізгі сауданың нәтижесіне сәйкес, доллардың орташа сараланған бағамы 0,55 теңгеге көтеріліп, 448,71 теңгені құрады. Айта кетейік, Ұлттық банктің 3-5 маусымдағы бір долларға арналған ресми бағамы 447,90 теңгені құрайды.

Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 446,41 теңгеден сатып алынып, 449,19 теңгеден сатылып жатыр. Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 446,52 теңге, сату – 449,98 теңге.